Тараз қаласы Жамбыл облысының «Ұстаз» институтының студенттері арасында өткізілген « Салауатты табиғи орта — Қазақстан—2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі атты конференцияға Қордай ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Саябек Дильназ қатысып 3—орынға ие болды, жетекшісі химия пәнінің оқытушысы Каримова Гулжанат Бахриевна.

Бүгін колледжімізде Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 14.04.2022ж. ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы студенттерге мағлұмат беру; ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 12.04.2022 жылы Қордай АПБ-нің ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Е.Б. Абдимов «Жол акциясы» тақырыбы бойынша 1 –курс білімгерлері арасында жолда жүру ережесі туралы баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

29.03.2022 ж аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында «Ерте жүктілік және оның салдары» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Ерте жүктілік және оның салдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, күшейту туралы шешім қабылданды.