Қаракерей Қабанбай батырдың 330- жылдығына орай Қордай ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нурылдаева Ш.К. онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. Сабақтың мақсаты:Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру. Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру. Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Халықаралық балалар күніне арналған «Бақытты бала – бақытты ел» атты Республикалық акция аясында 25.05.2021 ж. Қордай ауылшаруашылық колледжінде колледждің әлеуметтік педагогы А.В.Орынбаева «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» тақырыбында баяндама окыды.

«Парасат жолы» Орталығының негізінде Қордайдың құрметті азаматы Жамбыл облысына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Орналин Бақберген атамызбен «Құқық- әділет парасат жол » атты тақырыбында кездесу өткізілді. Іс – шара барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімеледі, өйткені бүгінде онымен тиімді күресуді барша адамзаттың жауапкершілігінсіз іске асыру мүмкін емес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік және бұл құбылыс салдарының әлеуметтік қауіптілігі туралы баяндады.

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мен Алаштың ұлымын» атты аудандық жігіттер сұлтаны байқауына Қордай ауылшаруашылық колледжінің Эд-219 тобының білімгері Тулен Султан Аудандық «Жігіт сұлтанының» жүлдесін қанжығасына іліп Жамбыл обылысының Жігіттер сұлтаны сайысына жолдама алды. Дайындап қатыстырған: Калиева Нұрсұлу Бауыржанқызы. Алға биіктей бер. Жарайсың.