Месяц: Сентябрь 2026
Жамбыл облысы депутаттарының жұмыс тобы Қордай ауылшаруашылық колледжінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау және түлектерді жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстармен танысты.
Зерделеу барысында колледждің материалдық-техникалық базасы, оқу зертханалары мен өндірістік шеберханалары қаралып, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибе, дуальды оқыту, жұмыс берушілермен серіктестік және түлектерді жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
