Сапар аясында әкім орынбасары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу үдерісін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, оқу орнына инвестиция тарту мүмкіндіктері мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Кездесу қорытындысында колледждің әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылып, алдағы ынтымақтастық мәселелері пысықталды.
