Қордай ауылшаруашылық колледжіне Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы Сапарғали Айбар Мэлсұлы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында колледж басшылығымен кездесу өткізіліп, білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және студенттердің тәжірибелік даярлығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта заманауи зертханалық аудиториялар ашу жоспары қарастырылып, олардың білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы маңызы сөз болды.

Жаңа зертханалардың ашылуы студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға және еңбек нарығының сұранысына жауап беретін білікті кадрлар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

#ҚордайАуылшаруашылықКолледжі#ТехникалықКәсіптікБілім#ЖамбылОблысы#БілімБасқармасы#ЗертханалықАудиторияКәсібиБілімСтуденттер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *