03.09.2026 ж Қордай ауылшаруашылық колледжінің жатақханада тұратын студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін және өзекті мәселелер— буллинг, бопсалау, күш көрсету, құқықбұзушылық тақырыптары қозғалды. Студенттерге жағымсыз әрекеттердің салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы нақты түсініктеме берілді. Әркімнің құқығын қорғау керектігі, кез келген жағдайда көмек сұраудан тартынбау маңызды екені ескертілді. Жатақханадағы тәртіп, бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынас, қамқорлық – басты құндылықтар екені туралы айтылды. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және оқу үлгерімін жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *