Қордай ауылшаруашылық колледжінің тарих және география пәндерінің оқытушысы Шойбекова Л.Т «География және Тарих» Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналға «Аңырахай шайқасы» атты мақала жариялап,арнайы дипломмен марапатталып,сертификат берілді 13.02.202413.02.2024 Редактор
13.02.2024 ж «Əр бала-жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығы аясында » Əлемді жақсы жаққа өзгерту үшін не жасауға болады?», » Менің көңіл күйімді не өзгертеді?», » Сен үшін жанашыр адам, ол…. тақырыптарында колледж білімгерлері эссе жазды. 13.02.202413.02.2024 Редактор
09.02.2024 ж «Бала- жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығы аясында «Ар мен намыс таразыға түскенде » атты пікір сайыс өткізілді. 13.02.202413.02.2024 Редактор
07. 02. 2024 жылы «Әр бала- жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығы аясында, білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың (буллинг(кибербуллинг), зорлық- зомбылық, бопсалау, жыныстық тиіспеушілік) алдын алу мақсатында «Зорлық- зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!» тақырыбында Қордай АПБ-ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б.А.Теңізбаевпен кездесу өткізілді 13.02.202413.02.2024 Редактор
«Дана» Өнер-Білім орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай оқулары» атты Республикалық байқауға дарынды шәкірт дайындап,шырағын жаға білгені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Куттыбаева Рахымкул Тулегеновна алғыс хатпен марапатталады.»Дана» Өнер-Білім орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай оқулары» атты Республикалық байқауға «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша қатысып,ветеринария 1 курс білімгері Рахимжан Нэйратун Кеңесханқызы 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды 05.02.202405.02.2024 Редактор
Колледжде «Зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық,ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыз балалар арасында жиналыс болып өтті. Жиналысқа колледждің тәрбие бөлімі және топ жетекшілер қатысты. ДТЖО Алимбаева А.К кәмілетке толмағандар тәрбиесі жайында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы қыз балаларға дәріс оқыды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері,жұқпалардың алдын алу,салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді.Жыныстық қатынысқа мәжбүрлеу ,яғни зорлау тақырыбында әңгіме жүргізілді. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Жасөспірім қыз балаларға тәрбиелік тағылымды бейне-роликтер көрсетілді. 05.02.202405.02.2024 Редактор