25.11.2021 ж. Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Бала – біздің болашағымыз» тақырыбында Ноғайбай ауылдық амбулаториясының дәрігерлерімен бірлескен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жасөспірімдерді «Комирнати» (Pfizer) препаратымен вакциналау туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 24.11.2021 ж. Ауылшаруашылық қызметкерлері күніне арналған «МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты аудандық колледжаралық байқау өткізілді. Мақсаты: Болашақ мамандардың кәсіби дайындық сапасын арттыру, мамандықты насихаттау және өндірістік оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын жетілдіру. Міндеті: – Жас жұмысшыларды дайындау сапасын арттыру; – Теориялық оқытуда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету. Байқауға №7 Бетқайнар колледжі, «Береке» және Қордай Гуманитарлық—экономикалық колледждері қатысып, іс-шараның қызықты да тартысты өтуіне зор үлестерін қосты.

17-қараша студенттер күні Қордай ауылшаруашылық колледжінде Студенттер Парламенті Президентін және фракция жетекшілерін сайлау өтті. Сайлау дәстүрлі ашық дауыс беру арқылы жүргізілді. Сайлау нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған 3-курс студенті Ташмет Айжан Студенттер Парламентінің Президенті болып сайланды. Ал 4 фракция бойынша спорт жетекшісі- Ерсұлтан З., мәдениет және өнер жетекшілері- Саудабаева А., Жанғожаев О., дебат жетекшісі- Мұрат Д. сайланды.