Зерделеу барысында колледждің материалдық-техникалық базасы, оқу зертханалары мен өндірістік шеберханалары қаралып, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар, өндірістік тәжірибе, дуальды оқыту, жұмыс берушілермен серіктестік және түлектерді жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
