Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәрбие бөлімі және «Ұлағатты ұлдар» клубының жетекшісі Дәнен Амантайдың ұйымдастыруымен АІІБ қызметкері Ерлан Абдимовпен » Құқық бұзушылықтың алдын алу- басты міндет» атты кездесу ұйымдастырылды.

7-қыркүйек – Денсаулық күніне орай Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Дені сау ұрпақ» атты спорттық ойындар эстафетасы 1-курс білімгерлері арасында өткізілді. Іс-шара колледж медбикесі және дене шынықтыру оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күніне арналған » 30 игі іс » бағдарламасы аясында.. Табиғи апаттық жағдай орын алған Ноғайбай ауылының тұрғыны Р. Куриеваның үйінің шатыры қатты дауыл соғып жұлып кетті. Төтенше жағдайға байланысты Қордай ауылшаруашылық колледж директоры ,аудандық мәслихат депутаты Д.У Кенжебековтың ұйымдастырумен колледж ұжымы үйдің шатырын жабуға жаппай көмек көрсетуді бастады.Жұмыс барысында Қордай ауданының мәслихат депутаты Сарсенбаев Т. келіп оқиғамен танысты.

Облыстық білім басқармасының бастамасымен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген танымал түлектермен «Жомарт түлек» жобасы аясында, Қордай ауылшаруашылық колледжінің бірінші түлегі Есболат Нусупбаевпен кездесу ұйымдастырылып, 1963-1967 оқу жылындағы бітіруші түлек бүгінгі таңдағы атқарып отырған өзінің еңбегі және туған жерге деген ыстық ықыласы туралы айтты.

Қаракерей Қабанбай батырдың 330- жылдығына орай Қордай ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нурылдаева Ш.К. онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. Сабақтың мақсаты:Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру. Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру. Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.