Тәрбие бөлімі ұйымдастыруымен » Инабат» қыздар өтауы клубының жетекшісі Нурылдаева Ш.Қ қатысуымен «Қыз тәрбиесі» «Қыздардың жеке басының тазалығы» «Қызға қырық үйден тию» Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жалпы қыздар жиналысы өткізілді.

8.10.2020 жылы Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру клубының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату. Жиын барысында ұйым жетекшісі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша негізгі заңдар» құқықтық жалпыға білім беру тақырыбында ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сондай-ақ колледжде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жастарды парасаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру клубының жұмысымен таныстырып өтті. Жиын соңында қатысушылар жеке сауалдарын қойып, жастар тәрбиесі негізінде алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындықтарын айтты.

Кәсіптік — техникалық білім беру жүйесінің туған күні 2 жылы 1940 қазанда, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «КСРО Мемлекеттік еңбек резервтері туралы» Жарлығы қабылданған кезде, мектептердің үш түрі анықталды: қолөнер, теміржол мектептері және зауыттық мектептер.

Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының ұйымдастырумен Тараз қаласында өткен колледждер арасындағы «WorldSkiils Jambyl-2020» чемпионатына Қордай ауылшаруашылық колледжінен «Пісіру технологиялары» құзіреттілігі бойынша қатысқан Иванов Дмитрий 3 орынды иеленіп, чемпионат кубогімен, медальмен марапатталды.Жетекшісі колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Иванов Виталий «Алғыс хат» алды. Біз алғыр шәкірттерімізді мақтан тұтамыз !!!👍👍👍