«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қазақ халқы. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған…Қордай ауылшаруашылық колледжінде 1-мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс шара болып өтті. Мақсаты: еліміздегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.Іс-шара барысында колледж білімгерлері түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, дастархан мәзірін ұсынды, ән мен биден шашу шашты. 03.05.202203.05.2022 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінде қазақтың батыр ұлы Т.Бигелдиновтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Көк аспанды бағындырған батыр» атты тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың өмір жолы мен өшпес ерлігі туралы оқушыларға мәлімет беру және дәріптеу; оқушыларды Ұлы Отан соғысы жылдарында елін қорғаған батырларды құрметтеуге, мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Жауапты: Эл-121 тобының жетекшісі Сабырбекова Г. 03.05.202203.05.2022 Редактор
Ветеринария пәндер бірлестігінің жас маман оқытушысы Таубалды Райхан Бауыржановна «Патологиялық физиология патологиялық анатомиясымен» пәні бойынша «Ауылшаруашылық малдардың бауыр аурулары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді. 03.05.202203.05.2022 Редактор
Бүгін аудандық мәдениет үйінде » Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Талапкер-2022» аудандық «Ашық есік » күні өтті.«Ашық есік» күнін ұйымдастыру мақсаты — Қордай ауылшаруашылық колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру. Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге колледж тарихымен, мамандықтармен, оқу-материалдық базасымен таныстырып, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді және колледждің белсенді студенттері оқушыларға өздерінің мамандықтары, студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларды біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді. Оқушылар колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алып сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрді. Іс-шараның мақсаты мектеп бітіруші түлектерді өздерінің таңдауына септігін тигізе отырып, олардың қабілетін ескере келе, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында қол жеткізуге дұрыс жол көрсету. Сондай-ақ, іс шараның соңында өнерлі студенттердің концерттік бағдарламасына ұласты. 03.05.202203.05.2022 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжі Агрономия пәндер бірлестігінің жас маман оқытушысы Тертаева Медина «Жеміс және көкөніс шаруашылығы» оқу тәжірибесінен «Ағаш кесу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді. 03.05.202203.05.2022 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжі Ветеринария бөлімінің оқытушысы Тұрсынжан Мөлдір «Індетті аурулар» пәні бойынша «Аусыл» такырыбында ашық сабақ өткізіп, өзін жоғары дәрежеде көрсете білді. 03.05.202203.05.2022 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің жас педагогі Бесемолда Аяулым Мұратқызы «Жануарлар анатомиясы және физиологиясы» пәнінен «Үй құстарының анатомиясының ерекшеліктері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. 03.05.202203.05.2022 Редактор