Колледж тарихы

  • 1957-1958 оқу жылында а/ш механикаландыру мамандығына 180 оқушы қабылданды тезхникум Аңрақай станциясында 1964 жылдың тамыз айына дейін болып, жалпы оқушылар саны 350-370 оқушыға жетті.
  • 1964 жылдың тамыз айында қазақ ССР-ының Министрлер Советінің «Красного а/ш механикаландыру техникумымен Рғайты қой шаруашылығы совхозына қосып Красногор совхоз техникумы базысында Красногор с/ техникумы құру туралы »,- қаулысы қабылданды, техникумның әкімшілік –басқару орталығы-Рғайты ауылы болып белгіленді.
    Техникумның ғимаратының және оқу-материалдық базысының жоқтығына байланысты Аңрақай станциясынан техникум Қордай ауылына, жабылған шахтаны ғимаратына көшірілген . Оқушылар 7 баракта 2 этажды барак типі ғимаратқа орналасқан. Техникумды ұлғайту мақсатында 1965 жылы зоотехник , мал дәрігері бөлімдері ашылып, 1965-66 оқу жылын осы мамандыққа 90 оқушы қабылданған.
  • 1966 жылы Рғайты ауылында 150 адам тұруға арналған , барак типті жатахана салында. 1966-67 оқу жылында зоотехникумы , мал дәрігері бөлімі Ргайтыға көшірілді. Оқу корпусына бастауыш мектептің ғимаратын , ал барак жатахана ретінде берілді. 1967 жылдан бастап Рғайты оқу кешені саласына бастады. 1968 жылдың мамыр айында 440 орындық № 1 жатахана салынып , Қордайдан (Музбель) қалған оқушылар көшіріліп жатаханаға орналастырылды, оқушылардың оқуына 2 этажды ғимарат және аудитория ретінде барак пайдаланып , тәжірибелік сабақтарды өткізуге совхоздың шеберханасынан орын берілді.
  • 1968 жылдың 7 қарашасында 960 орындық қазіргі оқу корпусынның жартысы іске қосылды. Осы уақытта оқушылар саны 540-650 оқушы, ал оқытушылар саны 56-60 адам болды . 1969-70 оқу жылының басында оқу корпусының екінші жартысы пайдалануға берілді. 1970 жылы жаңа оқу бөлімі ; мал шаруашылығы фермеларын механикаландыру және электрлендіру мамандығы ашылды.
  • 1970-71 оқу жылының басында 440 орындық №2 жатахана және оқу корпусының үшінші жартысы спорт және саулет сарайы пайдалануға берілді.
  • 1971 жылдың көктемінде 220 орындық типтік үлгідегі асхана салынды.
  • 1970 жылдың көктемінде 52 квартиралық оқытушыларға 4 қабатты үй салынып , 1972жылы осындай 56 квартиралық екінші үй оқытушыларға берілді. 1972 жылы механикаландыру мамандығының оқушыларының тәжірибелік білімін нығайту мақсатында 3168 шартты жөндеу жұмыстарынан оқу шеберханасы салынды.
  • 1972-73 оқу жылында оқушылар саны күндізгі оқу бөлімінде 1200-1300 адамдар сырттай оқу бөлімінде 650-700 білімгерлерді құрады. Осы кезеңде оқу болімінде 35 оқу және зертханалық кабинеттер, оқу цехтары токарлық, слесарлық дәнекерлеуші, совхоз-техникумында 120 оқушы, 17 зертхана, 14 өндірістік оқытудың бағдарламаушысы жұмыс істеген.
  • 1978 ж оқу өндірістік шеберханасының мекемесі эксплуатацияға өткізілген және осы мекемеде токарлық , слесарлық кузнечный дәнекерлеуші цехтар құрылған және де тракторлар мен автомабильдердің , ауылшаруашылық машиналарының механизациясы және т.б зертханалары құрылды.
  • 1975 ж Жамбыл қаласынан совхоз-техникумға орта мамандардың білімін жоғарлату мектебі көшірілді.
  • 1985 ж бастап зоотехник және ветеренария бөлімдеріне білімгерлерді қабылдау тоқтатылды. Ал 1987 ж Жамбыл зоотехникумынан совхоз-техникумға агроном болімінің білімгерлері аударылды. Сол жылдан бастап совхоз –техникумында агрономия бөліміне білімгерлерді қабылдау жүргізілді.
  • 1989-90 оқу жылдарында жаңа бөлімдер ашылды: Ауылшаруашылық өнімдерінің ұйымдастыру және өндіру технологиясы ауылшаруашылық қолданушыларды материалдық техникалық қамтамасыздандыру , сауда жүргізу. Осы кезеңнен бастап механизация және малшаруашығындағы өндірістік процестерді элекртфикациялау бөлімі ауылшаруашылығын элекртифиткациялау бөліміне аударылды. Осы кезеңде білімгерлердің саны 800-900 адамды, ал оқытушылардың саны 95-100 адамын құраған.
  • 1994 жылы ақын , композитор К Әзірбаевтің 100 жылдық мерекесіне байланысты Красногор совхоз –техникумы К.Әзірбаев атындағы Красногор совхоз-техникумын болып өзгертілді.
  • 1995 жылы қайта құру кезеніңде ауылшаруашылық техникумы совхоздан бөлініп Қордай ауылшаруашылық колледжі болып аталды.
  • 1998жылы колледж келісім шарт негізінде оқытуға ауыстырылды. 1998-99 оқу жылдарында ауылшаруашылық бухгалтерлік есеп атты жаңа бөлім ашылды.
  • 1999-2000 оқу жылдарында колледж қайтадан бюджеттік оқыту , бюджет және келісім шарт негізінде қатар жүргізілді.