4 маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай фракция мүшелері «Рәміздерім- мақтанышым» атты флешмоб ұйымдастырды.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер
Жетекшісі: Онгельдиева С.Б

ҚР Рәміздері күніне орай колледждің дене тәрбиесі оқытушыларының ұйымдастыруымен
«Елтаңбасымен -еңселі,
Әнұранымен- айбынды,
Туымен – тұғырлы» атты спорттық іс-шара өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

» Шәкәрім өсиеті адалдық айнасы» адалдық сағаты
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілік: презентация, нақыл сөздер.

Дөңгелек үстел тақырыбы:»Тарихтан туған рәміздер»Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан,Отан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, еліміздің Туын, Елтаңбасын,Гимнын қастерлеуге, халқымыздың тарихын,тегін білуге тәрбиелеу