Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Қордай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі комиссиямен бірлесіп, 2026 жылғы 10 ақпанда Қордай ауылшаруашылық колледжінде студенттер мен ата-аналарға арналған «Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, Қордай ауданы полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері, Қордай аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері, сондай-ақ полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары қатысты.

13.11.2025 ж колледж студенттеріне діни сауаттылығын арттыру, диструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында “ Жат діни ағымдардың қоғамға әсері” тақырыбында Ноғайбай ауылдық округ әкімшілігінің дін мәселесі бойынша жауапты бас маманы Суйманова А . түсіндіру жұмысын жүргізді.

✨2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған он күндік марафон аясында біз де «Елдік Челлендж» біртұтас «Алғыс лентасына» үн қосамыз.

✨Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Білім беру саласындағы адал еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамыз. Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірт тәрбиесіндегі абыройларыңыз асқақтай берсін.Қазақстанның жарқын болашағы – Сіздердің еңбектеріңізден басталады! #біздіңТжКБ#РахметҰстаз#біздіңтипо