🔧 «ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» | 1-КҮН — ӨНДІРІСПЕН ТАНЫСУ

«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында Қордай ауылшаруашылық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ЭД-324 тобының 3-курс білімгері Әлиахмет Нұрдулығат Нұрболұлы «Жетібаев» ШҚ автокөлік жөндеу орнының өндірістік жұмысымен танысты.

Білімгер кәсіпорындағы автокөлік жөндеу және дәнекерлеу орындарын аралап, құрал-жабдықтардың қолданылу тәртібімен танысты. Еңбекті қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өтіп, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды үйренді.

Тәжірибе кәсіпорын басшысы Жетібаев Жәнібек Аликұлының және колледждің өндірістік оқыту шебері Нүсіпов Асхат Жүрерұлының жетекшілігімен өткізілуде.

#Өндірістегі10Күн #1Күн #10Күн10Дағды #ҚордайАуылшаруашылықКолледжі #ДәнекерлеуІсі #ЭД324 #ӨндірістікТәжірибе #КәсіптікБілім #ЖұмысшыМамандықтар #ҚауіпсізЕңбек #TalapEduKz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *