«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» | 2-КҮН — МАМАННЫҢ БІР КҮНІ 15.09.2026ж

«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында Қордай ауылшаруашылық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ЭД-324 тобының 3-курс білімгері **Әлиахмет Нұрдулығат Нұрболұлы «Жетібаев» шаруа қожалығында білікті маманның бір күндік еңбек үдерісімен танысты.

Білімгер тәлімгердің жұмыс күнін жоспарлау тәртібін бақылап, жөндеуге түскен бөлшекті қабылдау және оның ақауын анықтау кезеңдерін үйренді. Сонымен қатар жұмыс орнын дайындау, құралдардың жарамдылығын тексеру және атқарылатын жұмыстың ретін алдын ала жоспарлау барысымен танысты.

Маманмен жүргізілген сұхбат барысында дәнекерлеушіге ұқыптылық, жауапкершілік, дәлдік және сызбаны түсіну қабілеті қажет екені айтылды. Білімгер кәсіби тәртіп пен сапалы дайындықтың жұмыс нәтижесіне тікелей әсер ететінін түсінді.

Тәжірибе кәсіпорын басшысы Жетібаев Жәнібек Аликұлы және колледждің өндірістік оқыту шебері Нүсіпов Асхат Жүрерұлының жетекшілігімен өткізілуде.

#Өндірістегі10Күн #2Күн #МаманныңБірКүні #10Күн10Дағды #ҚордайАуылшаруашылықКолледжі #ДәнекерлеуІсі #ЭД324 #ӨндірістікТәжірибе #КәсіптікБілім #ЖұмысшыМамандықтар #КәсібиБағдар #TalapEduKz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *