🌟 БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!

Колледжімізде білім беру сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби біліктілігін дамытуға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған игі бастамалар жүзеге асуда!
Атап айтқанда:
🐔 «ECO CHICKEN» компаниясының демеушілігімен колледжімізде ветеринариялық зертхана мен құс өсіру алаңы ашылды. Бұл – болашақ ветеринар мамандардың тәжірибелік білімін жетілдіруге арналған маңызды қадам.
🏠 «ENERGO GROUP» компаниясының қолдауымен «Ақылды үй» кабинеті ашылып, студенттерге заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді тәжірибе жүзінде меңгеруге жаңа мүмкіндік берілді.
🐑 «ЖЕТІ-ХАН» шаруа қожалығы колледжімізге Еділбай тұқымды 10 қойды сыйға тартты. Бұл тарту болашақ ауыл шаруашылығы мамандарының тәжірибелік дайындығына зор үлес қосатын құнды сый болды.
🤝 Осындай игі істер мен әлеуметтік әріптестіктің нәтижесінде колледжіміздің материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттердің сапалы білім алып, кәсіби маман болып қалыптасуына тың серпін берілуде.
💐 Колледжіміздің дамуына үлес қосып, білім беру саласына қолдау көрсеткен Жұмадін Нұрсұлтан Берікханұлына, Сарсенбаев Талғат Ахметбекұлына және Жетібаев Саят Байдаулетовичке шынайы алғысымызды білдіреміз!
@zhambyl_bilim@zhambyl_tipo_ortalygy@talap.edu.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *