Қордай ауылшаруашылық колледжінде Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына және Жамбыл облыстық Білім басқармасының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №386 бұйрығына сәйкес онлайн форматта колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Колледждің Қамқоршылық кеңес төрайымы Э.Хибраева жүргізген жиынға кеңес мүшелері, Қордай АІІБ-нің қызметкерлері, колледждің ата-аналар комитетінің мүшелері және колледж әкімшілігі қатысты. Отырыс барысында Қамқоршылық кеңес мүшелері бекітіліп, колледжде 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар, түлектердің жұмысқа орналасуы, білім алушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *