Қордай ауылшаруашылық колледжінің, ветеринария мамандығы 223/2 тобы, жетекшісі Нұрылдаева Ш.Қ жүргізуімен, КМ3 жұқпалы аурулардың алдын алу пәні бойынша білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізілуде. Соңында білімгер практикалық сабақтың нәтижесін көрсетуде. 08.01.202508.01.2025 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің 3- курс білімгері, Қанихан Айгерім ҒалымқызыНұрылдаева Шарбану Құдайбергенқызының жетекшілігімен «Жас ғалым» ғылыми жобалар облыстық байқауына, «Үй жануарларындағы фасциолез ауруының таралуын және диагностикасын зерттеу» тақырыбында байқауға қатысып 2- орынды иеленеді. 08.01.202508.01.2025 Редактор
Мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық бойынша қызметкерлердің жұмыс жасауын қамтамасыз ету 08.01.202508.01.2025 Редактор
Ветеринария мамандығы 2- курс білімгерлері, 223/1 және 223/2 топтарының КМ1 Жануарлардың құрылыс ерекшеліктерін тану пәні бойынша жүргізіліп жатқан практикалық сабақтары. Оқытушылары: Нұрылдаева Ш.Қ.Бейсен А.И. 02.12.202402.12.2024 Редактор
Жамбыл облысының 85 жылдығымен Ноғайбай бидің 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай « Мен Алаштың ұлымын » аудандық байқауы өтті. Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысып, Тұрғын Нұрбек 2 орын иегері атанды және Алиахмет Нұрдулығат « Шымыр жігіт » номинациясына иеленді. Алғыс хатпен колледж директоры Кенжебеков Даурен Уалиевич және жетешкісі Жамбырбай Айзада Шорабекқызы марапатталды. 02.12.202402.12.2024 Редактор
Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен. Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры Д.У.Кенжебеков Беларусь мемлекетінің Республикалық кәсіптік білім беру институтының (РИПО) ұйымдастыруымен “Аграрлық секторда кадрлар даярлауды жетілдіру” тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.Кездесу барысында РИПО ректоры В.Н ГолубовскименБеларусия мемлекетінің алдынғы қатарлы колледждердің базаларымен және оқу- тәжірибелік процесстерімен танысты.Сонымен қатар, іс сапар барысында, екі елдің кәсіптік оқу орындарының арасында Қордай ауылшаруашылық колледжі мен Смилович мемлекеттік аграрлық колледж арасында халықаралық меморандумға қол қойылды. 02.12.202402.12.2024 Редактор
Студеттер күніне орай аудан әкімі Болатбеков Бекзат Сейсенқұлұлы «Бүгінгі білімгер – ертеңгі әріптес» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерімен кездесті. Студенттердің аудан әкімімен кездесуі – жастардың болашаққа бағытталған маңызды іс-шарасы.Бұл кездесу білім алып жатқан жастардың ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуына, әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын түсінуіне, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді.Әдетте мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты:- Студенттер мен жергілікті басқару органдары арасындағы байланыс орнату;- Жастарды ауданның дамуына белсенді түрде атсалысуға шақыру;- Студенттерді болашақта мамандық таңдаудан қателеспеуін , өз жұмысын сүюге кеңес беру;- Жастардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыру.Сонымен қатар, колледжіміздің белсенді студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасуға қатыса алды.Кездесу соңында аудан әкімі студенттермен естелікке суретке түстіп, белсенді жастарға ризашылығын білдіртті. 21.11.202421.11.2024 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінде 15-қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта куніне орай «Ұлттық теңге мәртебесі» Дебат пікір- сайыс өтті. 21.11.202421.11.2024 Редактор
Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында «Жыныстық қарым қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар » тақырыбында колледждің студент қыздарына түсіндірме жұмысы жүргізіліп, баяндама оқылып, кеңес берілді. 21.11.202421.11.2024 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінде 13.11.2024 жылы Қордай АПБ-нің ЮПТ УПИ полиция майоры Ж.Е.Қосжанова капитаны Е.А Қазақбай қатысуымен Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын- алуға бағыт-бағдар беру,профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Тәртіпке бағынған құл болмайды» атты кездесу өтті. Полиция майоры Ж.Е.Қосжанова құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ұрлық пен бопсалаудың алдын алу , колледж тәртібін қатаң сақтау, түнгі уақытта жауапты тұлғасыз қоғамдық орындарда жүрмеу туралы айтты. 14.11.202414.11.2024 Редактор