2025 жылы 21 қаңтар күні Қордай ауылшаруашылық колледжінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, есірткі профилактикасы бойынша әзірленген “Закладчики. Расплата” тақырыбындағы көркем әлеуметтік бейнеролигінің көрсетілімі ұйымдастырылды.Ата — аналардың және студенттердің WhatsApp чаттарына ,instagram, facebook желілеріне таратылды.

Қордай ауданында аудан прокуроры Б.Ізбасаровтың қатысуымен *Тәртіпті өзіңнен баста*» атты форум өткізілді. Форум – қоғамда тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара. Бұл форум жеке тұлғалардың өз мінез-құлықтарын өзгерту арқылы ортақ игілікті жақсартуға қосқан үлесі туралы идеяны насихаттауға арналған.

Форумның негізгі мақсаттары:1. *Жеке жауапкершілік:* Әр адам өз әрекеттері мен шешімдеріне жауап беріп, айналасындағыларға үлгі болуды үйренеді.2. *Қоғамдық тәртіп:* Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсініп, заңдылықтарды сақтауға үлес қосу.3. *Мәдениетті қалыптастыру:* Әдептілік, тазалық, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау сияқты құндылықтарды насихаттау. Бұл Read More …

🧑🏼‍🏭 Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады

✍🏻 Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. 📁 Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім Read More …

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 23.12.24-27.12.24ж. аралығында жалпы пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық аясында оқытушылар инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданды.Оқушылар сабақтар барысында жасанды интеллект пен нейротехнологияға негізделген тапсырмалар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастырды.

Қордай ауылшаруашылық колледжінің, ветеринария мамандығы 223/2 тобы, жетекшісі Нұрылдаева Ш.Қ жүргізуімен, КМ3 жұқпалы аурулардың алдын алу пәні бойынша білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізілуде. Соңында білімгер практикалық сабақтың нәтижесін көрсетуде.

Қордай ауылшаруашылық колледжінің 3- курс білімгері, Қанихан Айгерім ҒалымқызыНұрылдаева Шарбану Құдайбергенқызының жетекшілігімен «Жас ғалым» ғылыми жобалар облыстық байқауына, «Үй жануарларындағы фасциолез ауруының таралуын және диагностикасын зерттеу» тақырыбында байқауға қатысып 2- орынды иеленеді.

Жамбыл облысының 85 жылдығымен Ноғайбай бидің 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай « Мен Алаштың ұлымын » аудандық байқауы өтті. Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысып, Тұрғын Нұрбек 2 орын иегері атанды және Алиахмет Нұрдулығат « Шымыр жігіт » номинациясына иеленді. Алғыс хатпен колледж директоры Кенжебеков Даурен Уалиевич және жетешкісі Жамбырбай Айзада Шорабекқызы марапатталды.

Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен. Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры Д.У.Кенжебеков Беларусь мемлекетінің Республикалық кәсіптік білім беру институтының (РИПО) ұйымдастыруымен “Аграрлық секторда кадрлар даярлауды жетілдіру” тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.Кездесу барысында РИПО ректоры В.Н ГолубовскименБеларусия мемлекетінің алдынғы қатарлы колледждердің базаларымен және оқу- тәжірибелік процесстерімен танысты.Сонымен қатар, іс сапар барысында, екі елдің кәсіптік оқу орындарының арасында Қордай ауылшаруашылық колледжі мен Смилович мемлекеттік аграрлық колледж арасында халықаралық меморандумға қол қойылды.