Қордай ауылшаруашылық колледжінде Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру жобалық офисі»КММ басшысының орынбасары Өмірбеков Данияр Маратұлы,бөлім басшысы Даулетбаев Алмаз Айболатұлының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру мақсатында студенттермен кездесу өтті.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 16.02.2022ж Қордай АПБ-ның ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Абдимов Е.Б «Құқық бұзушылықтың алдын алу » тақырыбы бойынша білімгерлер арасында ұрлық пен бопсалаудың алдын алу, колледж тәртібін қатаң сақтау, түнгі уақытта жауапты тұлғасыз қоғамдық орындарда жүрмеу туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

15.02.2022 ж. Қордай ауылшаруашылық колледжінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына арналған Ерлік сабағы өткізілді. Тақырыбы: «Өзіңе- абырой, Отанға- даңқ». Мақсаты: жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту, Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыру.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына арналған аудан колледждерінің арасында «Желтоқсан желі ызғарлы» атты байқауға қатысып жүлделі 1-орынға Қордай ауылшаруашылық колледжі ие болды. Құттықтаймыз!

25.11.2021 ж. Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Бала — біздің болашағымыз» тақырыбында Ноғайбай ауылдық амбулаториясының дәрігерлерімен бірлескен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жасөспірімдерді «Комирнати» (Pfizer) препаратымен вакциналау туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.