29.03.2022 ж аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында «Ерте жүктілік және оның салдары» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Ерте жүктілік және оның салдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, күшейту туралы шешім қабылданды.

14.03.2022ж. Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында Қордай ауылшаруашылық колледжінде арқан тарту, асық ату, күрес сияқты ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Шараның басты мақсаты- ұлттық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.

Ардагер ұстаз Базарбаева Жанаркуль Орынбаевнамен кездесу өткізілді.Тақырыбы: «Қыз өссе, елдің көркі». Мақсаты: Әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерді қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы екенін ұғындыру. Әдептілікке, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.