Қордай ауылшаруашылық колледжіне Қордай ауданы әкімінің орынбасары Сатымкұл Нұрболат Ақынғалиұлы, арнайы іс сапармен келді. Кездесу барысында колледждің ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, оқу орнының қазіргі жағдайы мен даму бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта колледжді газбен қамту жоспары қарастырылып, осы бағыттағы жұмыстардың барысы сөз болды.

Сапар аясында әкім орынбасары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу үдерісін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ, оқу орнына инвестиция тарту мүмкіндіктері мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Кездесу қорытындысында колледждің әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылып, алдағы ынтымақтастық мәселелері пысықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *