8.10.2020 жылы Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру клубының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату. Жиын барысында ұйым жетекшісі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша негізгі заңдар» құқықтық жалпыға білім беру тақырыбында ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сондай-ақ колледжде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жастарды парасаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру клубының жұмысымен таныстырып өтті. Жиын соңында қатысушылар жеке сауалдарын қойып, жастар тәрбиесі негізінде алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындықтарын айтты.