2025 жылы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауында жарияланған “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Қордай ауданы, Ноғайбай ауылында орналасқан ТОО “Ноғайбай Казексим” кәсіпорнында Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Мақсаты:
✅ Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру
✅ Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету
✅ Өңірдегі өндірістік кәсіпорындармен таныстыру
✅ Жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау

Экскурсия барысында студенттер арпаны сақтау, өңдеу үдерістерімен және заманауи агротехнологиялармен танысты. Мұндай іс-шаралар жастардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, тәжірибелік білімін жетілдіруге көмектеседі!

Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізгі күші!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *