🔰Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына, 10 жылға созылған соғыстың аяқталғанына биыл 36 жыл толды.
Қордай ауылы, Ауған жерінде қаза болған жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткіш маңында қаза болған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлер ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
🎯Шараға Қордай ауданының әкімі, ауылдық округ әкімшілігінің қызметкерлері, аудандық әскери жауынгер — интернационалистер, колледж білімгерлері, жоғары сынып оқушылары, аудан тұрғындары қатысты.