Студеттер күніне орай аудан әкімі Болатбеков Бекзат Сейсенқұлұлы «Бүгінгі білімгер – ертеңгі әріптес» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерімен кездесті. Студенттердің аудан әкімімен кездесуі – жастардың болашаққа бағытталған маңызды іс-шарасы.Бұл кездесу білім алып жатқан жастардың ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуына, әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын түсінуіне, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді.Әдетте мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты:- Студенттер мен жергілікті басқару органдары арасындағы байланыс орнату;- Жастарды ауданның дамуына белсенді түрде атсалысуға шақыру;- Студенттерді болашақта мамандық таңдаудан қателеспеуін , өз жұмысын сүюге кеңес беру;- Жастардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыру.Сонымен қатар, колледжіміздің белсенді студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасуға қатыса алды.Кездесу соңында аудан әкімі студенттермен естелікке суретке түстіп, белсенді жастарға ризашылығын білдіртті.