Студенттік парламент -студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттік жастардың пайдалы бастамаларын қолдануға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы. Парламенттің мақсаты:Студенттік өзін-өзі басқарудың әртүрлі формаларын дамыту және өзара әрекеттесу, студенттердің ұйымдасуы.14 қараша күні Қордай ауылшаруашылық колледжінің Президентін сайлау науқаны аяқталды. Сайлау комиссиясы ең көп дауыс жинаған үміткердің аты-жөнін жариялады. Студенттер мен ұстаздар қауымдастығы колледж тізгінін ұстар қауымдастығы ұсынылған үміткерлер қатарынан таңдады. 1.Қабылжан Диана 2.Умирберді Рамазан 3.Саудабаева Альбина 4. Куатбек Ализа дауыс беру қорытындысы бойынша агро-320 тобының студенті Қабылжан Диана ең көп дауыс жинап, колледж Президенті болып сайланды.