Колледжде «Зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық,ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жасөспірім қыз балалар арасында жиналыс болып өтті. Жиналысқа колледждің тәрбие бөлімі және топ жетекшілер қатысты. ДТЖО Алимбаева А.К кәмілетке толмағандар тәрбиесі жайында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы қыз балаларға дәріс оқыды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері,жұқпалардың алдын алу,салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді.Жыныстық қатынысқа мәжбүрлеу ,яғни зорлау тақырыбында әңгіме жүргізілді. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Жасөспірім қыз балаларға тәрбиелік тағылымды бейне-роликтер көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған