«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауылшаруашылық колледжі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған директордың өндірістік-оқыту ісі жөніндегі орынбасары ,әдіскер лауазымына конкурс жариялайды.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауылшаруашылық колледжі» КММ.
    Мекеменің мекен-жайы: Қордай ауданы, Ноғайбай ауылы, Б.Момышұлы №15.
    Байланыс номері: 8(72636) 5-06-50;
    +77758474335
    Электрондық пошта: Nogaibai_57@mail.ru Nogaibai_57@mail.kz
    Лауазымдық міндеттері
    1.1 Оқу -өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді.
    1.2 Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады.
    1.3 Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
    1.4 Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.
    1.5 Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа
    кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу қабинеттерін , шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастыру.
    1.6 Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды.
    1.7 Оқу -материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитарлық -гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады.
    1.8 Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
  2. Негізгі функционалдық міндеттері:
    Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын білу тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған