Бүгін аудандық мәдениет үйінде » Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Талапкер-2022» аудандық «Ашық есік » күні өтті.«Ашық  есік» күнін ұйымдастыру мақсаты — Қордай ауылшаруашылық колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру.  Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге  колледж тарихымен, мамандықтармен, оқу-материалдық базасымен таныстырып, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді және колледждің белсенді студенттері оқушыларға өздерінің мамандықтары, студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларды біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді. Оқушылар колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алып сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрді. Іс-шараның мақсаты мектеп бітіруші түлектерді өздерінің таңдауына септігін тигізе отырып, олардың қабілетін ескере келе, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында қол жеткізуге дұрыс жол көрсету. Сондай-ақ, іс шараның соңында өнерлі студенттердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.