Қордай ауылшаруашылық колледжінде 14.04.2022ж. ұлттың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы студенттерге мағлұмат беру; ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 12.04.2022 жылы Қордай АПБ-нің ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Е.Б. Абдимов «Жол акциясы» тақырыбы бойынша 1 –курс білімгерлері арасында жолда жүру ережесі туралы баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

29.03.2022 ж аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында «Ерте жүктілік және оның салдары» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Ерте жүктілік және оның салдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, күшейту туралы шешім қабылданды.

14.03.2022ж. Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында Қордай ауылшаруашылық колледжінде арқан тарту, асық ату, күрес сияқты ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Шараның басты мақсаты- ұлттық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.