Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қордай ауылшаруашылық колледжінде студенттер арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Студенттер арасында ең үздік жазып Агроном 3 курс білімгері Қабылжан Диана Бақытжанқызы марапатталды.
Қордай ауылшаруашылық колледж жатақханасында жатақхана білімгерлерімен тəрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Колледж инспекторы Е.Б. Абдимовпен бірлескен рейдтік іс- шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақ халқының өмірінде орны айрықша зор тұлға,ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай білімгерлердің бойына ұлтжандылық,адамгершілік қасиеттерді дарыту мақсатында Қордай ауылшаруашылық колледжінде Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ильясбеков Н., Таутенов М., Айдарбек Ж., Әбіке Б., ұйымдастыруымен білімгерлер арасында «Ұлттық ойындар «атты жарыстар өткізілді .
Алматы, Жамбыл облыстарының әкімі болған, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қазіргі таңда зейнеткер Үмбетов Серік Әбікенұлы, мектептен кейінгі өмір баспалдағын бастаған, бұрынғы Красногор совхоз техникумы, бүгінгі таңда Д.У.Кенжебеков басқарған Қордай ауылшаруашылық колледжі ұжымымен кездесті. С.Ә.Үмбетов осы оқу орнында 1968-1974 жылдар аралығында «Зоотехния»мамандығында білім алған. С.Ә.Үмбетов жаңа оқу жылында Қордай ауылшаруашылық колледжіне іс-сапармен келіп, студенттік өмірін еске алып, колледжге деген сағынышын білдірді
2022 жылы 8 қыркүйек күніҚазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы-дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық ашық диктанқа Қордай ауылшаруашылық колледжі оқытушылары қатысты.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата — аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Қордай ауылшаруашылық колледжінде дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтіп, 1қыркүйекке арналған «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында жалпы кураторлық сағат өткізілді.
https://youtube.com/shorts/ZQ9jfqzR0Ug?feature=share
