1 Наурыз «Алғыс айту» күні Ноғайбай ауылдық округінен әкімнің міндетін уақытша атқарушы Еш-Мұрат Ерсерік , «Әжелер алқасы» Сейдахметова Г.Қ «Әйелдер кеңесі» Хибраева Э.Ж. және ауыл ақсақалдар атынан құрметті азаматтар құттықтап келді.

24.01.2023 жылы колледжде əдіскер И.М.Байғаскаеваның ұйымдастыруымен окытушыларымен «Қаңтар педагогикалық оқулары» өткізілді. Іс- шара жоғары дәрежеде және қызықты өтті. Баяндамашылар Туругельдиева Р.О. Байгаскаева И.М. Таубалды Т.Т. Нуркеева М.Б.

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай колледж директоры Кенжебеков Д.У жиналыс ашты.Жемқорлық – кез келген мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын індет, сондықтан оны тоқтатпайынша мемлекетте өсіп-өркендеу болмайды. Мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығы өте жоғары.Білімді, мәдениетті, әрі бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру үшін елде орын алып отырған жемқорлықпен бүкіл халық болып күресу керек.

Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып,қазақтың төл мәдениеті мен асқақ рухын, салт-дәстүрі мен жастар бойындағы тың идеяларды насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидалары негізінде халқымыздың ізгі қасиеттерімен тәрбиелеу мақсатында өткен » Мен Алаштың ұлымен» аудандық байқауында үздік өнерін көрсетіп Қордай ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Атембек Мирас 3 орынды иеленді. Құттықтаймыз!