22 — Наурыз мейрамына орай Қордай ауылшаруашылық колледж студенттері «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» қайырымдылық акцияның аясында жалғыз басты отбасына көмек көрсетті. 19.04.202119.04.2021 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінде Бетқайнар колледжімен бірлескен «Саналы ұрпақ» студенттер клубының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізілді 17.03.2021 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінде Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына және Жамбыл облыстық Білім басқармасының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №386 бұйрығына сәйкес онлайн форматта колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Колледждің Қамқоршылық кеңес төрайымы Э.Хибраева жүргізген жиынға кеңес мүшелері, Қордай АІІБ-нің қызметкерлері, колледждің ата-аналар комитетінің мүшелері және колледж әкімшілігі қатысты. Отырыс барысында Қамқоршылық кеңес мүшелері бекітіліп, колледжде 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар, түлектердің жұмысқа орналасуы, білім алушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы айтылды. 10.02.202110.02.2021 Редактор
Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының ұйымдастырумен Тараз қаласында өткен колледждер арасындағы «WorldSkiils Jambyl-2020» чемпионатына Қордай ауылшаруашылық колледжінен «Пісіру технологиялары» құзіреттілігі бойынша қатысқан Иванов Дмитрий 3 орынды иеленіп, чемпионат кубогімен, медальмен марапатталды.Жетекшісі колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Иванов Виталий «Алғыс хат» алды. Біз алғыр шәкірттерімізді мақтан тұтамыз !!!👍👍👍 15.10.202015.10.2020 Редактор