Қордай ауылшаруашылық колледжінің » Worldskills-2024″колледж ішілік чемпионатын «Ауылшаруашылығын электрлендіру»мамандығы бойынша өткізілді 03.04.202403.04.2024 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің ұлағатты ұстаздары Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуына орай «БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ: 100 ЖЫЛ – БІР БАҒЫТ, БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ» тақырыбы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VІІІ облыстық фестиваліне өз үлестерін қосты. Фестивальға Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Біріккен комитетінің төрағасы Орынбеков Жанболат Тұңғышбекұлы және өнер саласында қызмет етіп жүрген арнайы мамандар төрелік етті.Колледж ұстаздары белгіленген бағдарлама бойынша, яғни хормен ән салу, ансамбльдің өнер көрсетуі, көркем сөз оқу, драма өнері, хореография, вокал бағыттары бойынша өнерлерін көрсетіп қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. 03.04.202403.04.2024 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің » Worldskills-2024″колледж ішілік чемпионатын «Ауылшаруашылығын механикаландыру»мамандығы бойынша өткізілді. 03.04.202403.04.2024 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің » Worldskills-2024″колледж ішілік чемпионатын «Дәнекерлеу ісі»мамандығы бойынша өткізілді 03.04.202403.04.2024 Редактор
14 наурыз дәстүрлі түрде колледжде ауыл әжелерінің қатысуымен «Көрісу күні» мерекесі аталып өтті.Бұл күні адамдар бір-бірімен амандасады, кішілері үлкендерге барады, амандасады, бір-біріне денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейді. Күн шыққан әр үйде дастархан жайылып, ақсақалдар бата береді. Дәстүр қатал қыстан аман қалған адамдар көктемнің келуіне қуанып, жарқын болашаққа жоспар құратындығына байланысты пайда болды деп саналады. 15.03.202415.03.2024 Редактор
11.03.2024 жылы Кордай ауылшаруашылық колледжінде “ Шебер ұстаз — табысты студент” тақырыбында Колледж директоры, орынбасарлары, колледж әдіскері , педагогтар және Облыс білім басқармасынан әдіскер Сенбай Алтын Өтегенқызының қатысуымен зум арқылы семинар өткізілді. Семинарда жаңа үлгідегі аттестатциялау ережелері талқыланды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Колледж окытушылар тарапынан Алтын Өтегенқызына сұрақтар қойылды. 15.03.202415.03.2024 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің тарих және география пәндерінің оқытушысы Шойбекова Л.Т «География және Тарих» Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналға «Аңырахай шайқасы» атты мақала жариялап,арнайы дипломмен марапатталып,сертификат берілді 13.02.202413.02.2024 Редактор
13.02.2024 ж «Əр бала-жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығы аясында » Əлемді жақсы жаққа өзгерту үшін не жасауға болады?», » Менің көңіл күйімді не өзгертеді?», » Сен үшін жанашыр адам, ол…. тақырыптарында колледж білімгерлері эссе жазды. 13.02.202413.02.2024 Редактор
09.02.2024 ж «Бала- жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығы аясында «Ар мен намыс таразыға түскенде » атты пікір сайыс өткізілді. 13.02.202413.02.2024 Редактор
07. 02. 2024 жылы «Әр бала- жарық жұлдыз!» психологиялық кеңес беру айлығы аясында, білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың (буллинг(кибербуллинг), зорлық- зомбылық, бопсалау, жыныстық тиіспеушілік) алдын алу мақсатында «Зорлық- зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!» тақырыбында Қордай АПБ-ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б.А.Теңізбаевпен кездесу өткізілді 13.02.202413.02.2024 Редактор