7-қыркүйек — Денсаулық күніне орай Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Дені сау ұрпақ» атты спорттық ойындар эстафетасы 1-курс білімгерлері арасында өткізілді. Іс-шара колледж медбикесі және дене шынықтыру оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. 14.09.202114.09.2021 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры аудан маслихатының депутаты Кенжебеков Д.У. Ноғайбай ауылының тұрғыны Әзімхановтар отбасына «Мектепке жол» акциясы аясында көмек берілді. 06.09.202106.09.2021 Редактор
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күніне арналған » 30 игі іс » бағдарламасы аясында.. Табиғи апаттық жағдай орын алған Ноғайбай ауылының тұрғыны Р. Куриеваның үйінің шатыры қатты дауыл соғып жұлып кетті. Төтенше жағдайға байланысты Қордай ауылшаруашылық колледж директоры ,аудандық мәслихат депутаты Д.У Кенжебековтың ұйымдастырумен колледж ұжымы үйдің шатырын жабуға жаппай көмек көрсетуді бастады.Жұмыс барысында Қордай ауданының мәслихат депутаты Сарсенбаев Т. келіп оқиғамен танысты. 12.06.202112.06.2021 Редактор
Облыстық білім басқармасының бастамасымен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген танымал түлектермен «Жомарт түлек» жобасы аясында, Қордай ауылшаруашылық колледжінің бірінші түлегі Есболат Нусупбаевпен кездесу ұйымдастырылып, 1963-1967 оқу жылындағы бітіруші түлек бүгінгі таңдағы атқарып отырған өзінің еңбегі және туған жерге деген ыстық ықыласы туралы айтты. 11.06.202111.06.2021 Редактор
4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 🇰🇿 Қордай ауылшаруашылық колледжі «Мен мемлекеттік рәміздері мақтан етемін» челленджін қабыл алдық. 11.06.202111.06.2021 Редактор
Қаракерей Қабанбай батырдың 330- жылдығына орай Қордай ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нурылдаева Ш.К. онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. Сабақтың мақсаты:Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру. Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру. Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету. 31.05.202131.05.2021 Редактор
Халықаралық балалар күніне арналған «Бақытты бала — бақытты ел» атты Республикалық акция аясында 25.05.2021 ж. Қордай ауылшаруашылық колледжінде колледждің әлеуметтік педагогы А.В.Орынбаева «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол!» тақырыбында баяндама окыды. 31.05.202131.05.2021 Редактор
«Парасат жолы» Орталығының негізінде Қордайдың құрметті азаматы Жамбыл облысына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Орналин Бақберген атамызбен «Құқық- әділет парасат жол » атты тақырыбында кездесу өткізілді. Іс — шара барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімеледі, өйткені бүгінде онымен тиімді күресуді барша адамзаттың жауапкершілігінсіз іске асыру мүмкін емес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік және бұл құбылыс салдарының әлеуметтік қауіптілігі туралы баяндады. 31.05.202131.05.2021 Редактор