Қордай ауылшаруашылық колледжінде 2022 ж. 20- қаңтары күні «Кредиттік-модульдық оқыту әдістемесі» және «Жаңартылған оқытудың тиімділігі» тақырыптары бойынша қаңтар оқулары өтті. 18.02.202218.02.2022 Редактор
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 20-23- желтоқсан аралығында полиция инспекторларымен бірлескен рейд шаралары өткізілді. 18.02.202218.02.2022 Редактор
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж қызметкерлері арасында волейболдан өткізілген аудандық турнирде Қордай ауылшаруашылық колледжінің командасы 1-орынға ие болды. 15.12.202115.12.2021 Редактор
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына арналған аудан колледждерінің арасында «Желтоқсан желі ызғарлы» атты байқауға қатысып жүлделі 1-орынға Қордай ауылшаруашылық колледжі ие болды. Құттықтаймыз! 15.12.202115.12.2021 Редактор
25.11.2021 ж. Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Бала — біздің болашағымыз» тақырыбында Ноғайбай ауылдық амбулаториясының дәрігерлерімен бірлескен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жасөспірімдерді «Комирнати» (Pfizer) препаратымен вакциналау туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 27.11.202127.11.2021 Редактор
Байқауға қатысушылар әрқайсысы өз мамандығы бойынша бұйымдар, экибана жасап әкеліп, жарыс көрігін қыздыра түсті. 27.11.202127.11.2021 Редактор
«Ветеринария» бөлімінің студенті малды қолдан ұрықтандырудың әдіс-тәсілдерін көрсетті. 27.11.202127.11.2021 Редактор
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бөлімінің студенті комбайн құрылысымен таныстыруда. 27.11.202127.11.2021 Редактор
«Агрономия» бөлімінің студенті өз қолымен өсірген көкөністерді таныстыруда. 27.11.202127.11.2021 Редактор
Қордай ауылшаруашылық колледжінде 24.11.2021 ж. Ауылшаруашылық қызметкерлері күніне арналған «МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты аудандық колледжаралық байқау өткізілді. Мақсаты: Болашақ мамандардың кәсіби дайындық сапасын арттыру, мамандықты насихаттау және өндірістік оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын жетілдіру. Міндеті: — Жас жұмысшыларды дайындау сапасын арттыру; — Теориялық оқытуда алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету. Байқауға №7 Бетқайнар колледжі, «Береке» және Қордай Гуманитарлық—экономикалық колледждері қатысып, іс-шараның қызықты да тартысты өтуіне зор үлестерін қосты. 27.11.202127.11.2021 Редактор