«Қордай» ауылшаруашылық колледжінің студенттері референдумды қолдау бойынша жастар акциясын өткізді.Акция барысында колледж директоры Д.Кенжебеков 5 маусым күні өтетін референдум жайында түсіндіріп өтті. Колледж студенттері де өтетін референдумға қатысып, өз тандауларын жасайтынын, бұл үлкен өзгерістердің басы екенін айтты.Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Референдум аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Ноғайбай ауылдық округі бойынша құрылған қоғамдық штабтың мүшелері бүгін «Қордай» ауылшаруашылық колледжінің білімгерлерімен кездесті. Жиында сөз алғандар ел өмірі үшін маңызды болып табылатын 5 маусымға белгіленген референдумға бір үйдің баласында қатысып, белсенділік танытып, азаматтық позициямызды білдіруге шақырды.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген қазақ халқы. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған…Қордай ауылшаруашылық колледжінде 1-мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс шара болып өтті. Мақсаты: еліміздегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.Іс-шара барысында колледж білімгерлері түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, дастархан мәзірін ұсынды, ән мен биден шашу шашты.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде қазақтың батыр ұлы Т.Бигелдиновтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Көк аспанды бағындырған батыр» атты тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың өмір жолы мен өшпес ерлігі туралы оқушыларға мәлімет беру және дәріптеу; оқушыларды Ұлы Отан соғысы жылдарында елін қорғаған батырларды құрметтеуге, мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Жауапты: Эл-121 тобының жетекшісі Сабырбекова Г.