«Қатыгездік пен зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында Қордай ауылшаруашылық колледжінде әлеуметтік психологиялық қызметтің ұйымдастырыумен «Бала құқығы-адам құқығы» атты семинар өткізілді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Жұмыс беруші күніне» орай ТОО Ноғайбай «KazExim» директоры Расулов М. ЖСПК » Eco- chiken» директоры Сарсенбаева Т. АКХ «ЮГ » басшысы Швецов Ю.ГКХ «Жазира » басшысы Иманкулов М. А. ТОО «Өрікті» директоры Сарсенбаев Т.АИП «Сейдахметова» басшысы Сейдахметова Г.К жұмыс берушілермен кездесу өтті.

«Қатыгездік пен зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында Қордай ауылшаруашылық колледжінде тəрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы онлайн түрде өткізілді.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде тəрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қызды 40 үйден тыю» атты кездесу өткізілді. Кездесуге салауатты өмір салты орталығының қызметкері Г. Т. Қарабаева, Ноғайбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Р.У. Куандыкова шақыртылды.

10.11.2022 жылы Қордай ауылшаруашылық колледжінде аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу мақсатында «Рухани құндылықтар- тəрбие бастауы» атты кездесу өткізілді. Кездесуге салауатты өмір салты орталығының қызметкері Г.Т. Қарабаева, Ноғайбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Р.У. Куандыкова қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада Байгаскаева Индира Мураткызы құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 27-28 қазан аралығында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында өткізілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы ауылшаруашылығы саласы бойынша ІІ-ші Республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қордай ауылшаруашылық колледж оқытушы Нуриев Талғат Нуриевич ветеринария саласы бойынша 3 орын жүлдегері атанды.Әріптесімізді  жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!