Рубрика: Колледж жаңалықтары
Діни экстремизм және терроризмның алдын алу
Қордай ауылшаруашылық колледжінің АӘД жетекшісі Б.Қ Малчибаев 1курс білімгерлерімен «Отан оттан да ыстық» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.
Қордай ауылшаруашылық колледжінде 06.02.2021жылы Тарих пәнінің оқытушысы Шойбекова Л.Т ұйымдастыруымен Рухани -жаңғыру бағдарламасы «Тұлғаны дамыту» бағыты бойынша «Жаксылыққа жаны құмар — Жақсылық Үшкемпіров» атты ашық тәрбие сағаты 1курс білімгерлерінің қатысуымен өткізілді.
02.02.21 жылы Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қордай ауылшаруашылық колледжінде АІІБ қызметкерімен, Ноғайбай ауылдық округінің бас маманымен ұлдармен кездесу өткізілді.
Қордай ауылшаруашылық колледжінде 03.02.2021 жылы «Сенім жәшігі» акциясы ұйымдастырылды. Акцияда әр топқа сенім жәшігінің мақсаты түсіндірілді.Әр студент өзінің ойын, мазалап жүрген сұрақтарын, ұсыныстарын жазып қораптың ішіне салды.
Қордай ауылшаруашылық колледжінде Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына және Жамбыл облыстық Білім басқармасының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №386 бұйрығына сәйкес онлайн форматта колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Колледждің Қамқоршылық кеңес төрайымы Э.Хибраева жүргізген жиынға кеңес мүшелері, Қордай АІІБ-нің қызметкерлері, колледждің ата-аналар комитетінің мүшелері және колледж әкімшілігі қатысты. Отырыс барысында Қамқоршылық кеңес мүшелері бекітіліп, колледжде 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар, түлектердің жұмысқа орналасуы, білім алушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы айтылды.
Ата- аналарға арналған конференция. Коронавирустық инфекциясының алдын-алу туралы ақпарат
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Қордай ауылшаруашылық колледжінде тәуелсіздік мерекесіне орай ашық тәрбие сағаттары өтті. Іс шара мақсаты студенттерге ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отаны сүюге, елін және халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Үздік талімгер
Үздік талімгер байкауынын женимпазы, Сейдахметова Гульнар Канихановна
