Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдепжүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Оқушыларыңыздың атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын. Есіңізде болсын, сізсіз бұл әлем әлдеқайда нашар болады, өйткені адамзатқа одан әрі дамуға үміт беретін мұғалімдер!

22 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай Қордай ауылшаруашылық колледжінде тіл мамандарының ұйымдастыруымен» Тіл мәртебесі-ел мәртебесі » атты іс — шара өтті.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратымен және Полиция бөлімімен бірлесіп, «Зорлық — зомбылық пен буллингтің, интернет қудалаудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы А.Почуева «Зорлық — зомбылық пен буллингтің, интернет қудалаудың алдын алу» бойынша жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмысын жүргізді, сұрақ қою арқылы білімгерлердің ойын білді. Колледж психологы М.Нуркеева, Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Ешмұрат, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің аға инспекторы Ж. Қосжанова баяндама жасады.

Колледж әдіскері Байгаскаева Индира Мураткызы «Жас оқытушылар мектебі» бойынша жас мамандармен «Сабақтың мақсаттарымен міндеттерін дұрыс қою» такырыбында семинар өткізді. Семинар соңында психолог Нуркеева М.Б. жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізді.