Қордай ауылшаруашылық колледжінде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай медбике және дене тәрбие пәні оқытушыларының ұйымдастырумен білімгерлер арасында «Спорт денсаулық кепілі» атты спорттық эстафеталық жарыстар және жүгіру марафоны өткізілді.

«Инабат қыздар» клубының жетекшісінің ұйымдастыруымен»Қыз бала- ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету,

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 17.03.2023 «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылып, соңынан ұжымдастар мен студенттер наурыз көже ішті.
Мақсаты: студенттердің Қазақстан халқының салты мен ұлттық дәстүріне , ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттыру Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Студенттердің музыкалық, би билеу, ән айту қабілеттерін дамыту .

Қордай ауылшаруашылық колледжінде Қ. А. Яссауи 930 жылдығына орай«Қ. А. Яссауи-даналық хикметтері атты ашық сынып сағаты өтті.Сабағымыздың мақсаты: Білімгерлерге Қ. А. Яссауидің еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағлымдарын саралауына бағыт, ұсынылатын ігілікті ойлар туралы білім беріп, ойшылдар еңбегін, олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру


1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты мерекелік іс-шара.
Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілдікке,ізеттілікке тәрбиелеу; бір-біріне деген қарым-қатынастарын нығайту.

1 Наурыз «Алғыс айту» күні Ноғайбай ауылдық округінен әкімнің міндетін уақытша атқарушы Еш-Мұрат Ерсерік , «Әжелер алқасы» Сейдахметова Г.Қ «Әйелдер кеңесі» Хибраева Э.Ж. және ауыл ақсақалдар атынан құрметті азаматтар құттықтап келді.