Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қордай ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қордай ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қордай ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қордай ауылшаруашылық колледжі» Read More …

2023 жылдың маусым айының 7-9 аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» профилактикалық іс шарасы бойынша Қордай АПБ ювеналдық полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы А. Почуевамен, жергілікті атқарушы органдар, аудандық жастар орталығы, білім бөлімі және Қордай ауылшаруашылық колледж мұғалімдері мен түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Хабарландыру!

Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралыЖамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қордай ауылшаруашылық колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2023-2026 жылдар аралығына Қамқоршылық кеңес қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне Read More …

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауылшаруашылық колледжі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған директордың өндірістік-оқыту ісі жөніндегі орынбасары ,әдіскер лауазымына конкурс жариялайды.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата — аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі. БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН 🥳🥳

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысушыларды құттықтап, алғыс айтты.
Мемлекет басшысының құттықтауын премьер-министрдің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқыды.
«Сіздерді білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтердің басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл — еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды бас қосу. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім-білімнің жеңісі екені сөзсіз. Ұлағатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны — мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болады» деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты. Жастарды адал азамат етіп тәрбиелеу, олардың бойына ізгі құндылықтарды сіңіру — аса маңызды міндет. Осы жауапты істі абыроймен атқарып жүрген ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін», — делінген Тоқаевтың құттықтау сөзінде.
Президенттің құттықтау сөзінде мемлекет білім саласының өркендеуіне әрдайым баса мән берілетіні айтылды. Елімізде жастарымыздың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
«Заман талабына сай оқу орындары көптеп салынып жатыр. Арнайы заң қабылданып, педагогтердің мәртебісі құқық жағынан реттелді. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса назар аударылып жатыр. Осындай қолдау шаралары болашақта да жалғаса береді», — делінген Тоқаевтың құттықтау сөзінде.
#talap #oquagartu #talap.edu.kz