10.11.2022 жылы Қордай ауылшаруашылық колледжінде аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу мақсатында «Рухани құндылықтар- тəрбие бастауы» атты кездесу өткізілді. Кездесуге салауатты өмір салты орталығының қызметкері Г.Т. Қарабаева, Ноғайбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Р.У. Куандыкова қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада Байгаскаева Индира Мураткызы құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 27-28 қазан аралығында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің базасында өткізілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы ауылшаруашылығы саласы бойынша ІІ-ші Республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қордай ауылшаруашылық колледж оқытушы Нуриев Талғат Нуриевич ветеринария саласы бойынша 3 орын жүлдегері атанды.Әріптесімізді  жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!