«Парасат жолы» Орталығының негізінде Қордайдың құрметті азаматы Жамбыл облысына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Орналин Бақберген атамызбен «Құқық- әділет парасат жол » атты тақырыбында кездесу өткізілді. Іс — шара барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімеледі, өйткені бүгінде онымен тиімді күресуді барша адамзаттың жауапкершілігінсіз іске асыру мүмкін емес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік және бұл құбылыс салдарының әлеуметтік қауіптілігі туралы баяндады.

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мен Алаштың ұлымын» атты аудандық жігіттер сұлтаны байқауына Қордай ауылшаруашылық колледжінің Эд-219 тобының білімгері Тулен Султан Аудандық «Жігіт сұлтанының» жүлдесін қанжығасына іліп Жамбыл обылысының Жігіттер сұлтаны сайысына жолдама алды. Дайындап қатыстырған: Калиева Нұрсұлу Бауыржанқызы. Алға биіктей бер. Жарайсың.