Қордай ауылшаруашылық колледжінің 3- курс білімгері, Қанихан Айгерім ҒалымқызыНұрылдаева Шарбану Құдайбергенқызының жетекшілігімен «Жас ғалым» ғылыми жобалар облыстық байқауына, «Үй жануарларындағы фасциолез ауруының таралуын және диагностикасын зерттеу» тақырыбында байқауға қатысып 2- орынды иеленеді.

Жамбыл облысының 85 жылдығымен Ноғайбай бидің 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай « Мен Алаштың ұлымын » аудандық байқауы өтті. Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысып, Тұрғын Нұрбек 2 орын иегері атанды және Алиахмет Нұрдулығат « Шымыр жігіт » номинациясына иеленді. Алғыс хатпен колледж директоры Кенжебеков Даурен Уалиевич және жетешкісі Жамбырбай Айзада Шорабекқызы марапатталды.

Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен. Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры Д.У.Кенжебеков Беларусь мемлекетінің Республикалық кәсіптік білім беру институтының (РИПО) ұйымдастыруымен “Аграрлық секторда кадрлар даярлауды жетілдіру” тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.Кездесу барысында РИПО ректоры В.Н ГолубовскименБеларусия мемлекетінің алдынғы қатарлы колледждердің базаларымен және оқу- тәжірибелік процесстерімен танысты.Сонымен қатар, іс сапар барысында, екі елдің кәсіптік оқу орындарының арасында Қордай ауылшаруашылық колледжі мен Смилович мемлекеттік аграрлық колледж арасында халықаралық меморандумға қол қойылды.

Студеттер күніне орай аудан әкімі Болатбеков Бекзат Сейсенқұлұлы «Бүгінгі білімгер – ертеңгі әріптес» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерімен кездесті. Студенттердің аудан әкімімен кездесуі – жастардың болашаққа бағытталған маңызды іс-шарасы.Бұл кездесу білім алып жатқан жастардың ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуына, әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын түсінуіне, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді.Әдетте мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты:- Студенттер мен жергілікті басқару органдары арасындағы байланыс орнату;- Жастарды ауданның дамуына белсенді түрде атсалысуға шақыру;- Студенттерді болашақта мамандық таңдаудан қателеспеуін , өз жұмысын сүюге кеңес беру;- Жастардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыру.Сонымен қатар, колледжіміздің белсенді студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасуға қатыса алды.Кездесу соңында аудан әкімі студенттермен естелікке суретке түстіп, белсенді жастарға ризашылығын білдіртті.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 13.11.2024 жылы Қордай АПБ-нің ЮПТ УПИ полиция майоры Ж.Е.Қосжанова капитаны Е.А Қазақбай қатысуымен Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын- алуға бағыт-бағдар беру,профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Тәртіпке бағынған құл болмайды» атты кездесу өтті. Полиция майоры Ж.Е.Қосжанова құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ұрлық пен бопсалаудың алдын алу , колледж тәртібін қатаң сақтау, түнгі уақытта жауапты тұлғасыз қоғамдық орындарда жүрмеу туралы айтты.