2021 жылы атап өтілетін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы ұранымен Қордай ауылшаруашылық колледж ұжымы әлеуметтік және мұқтаж жандарға қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның аясында жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіріп, көмек көрсетті.

Қордай ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Сабырбекова Г. С. «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: студенттердің назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернетті қолдану мәдениетін арттыру, әлеуметтік желілердің, ойындардың пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету.

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 7 сәуір «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай 1 курс білімгерлерімен колледж медбикесі және дене шынықтыру оқытушыларының ұйымдастыруымен «Денсаулық өмір кепілі» атты жарыс ойындары өткізілді.Мақсаты: Жасөспірімді салауатты өмір салтын сақтауға, іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру. Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде. Бірінші байлық- денсаулық.

Қордай аудандық » Үкілі ару» байқауына Қордай ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Айтуарова Аяжан қатыстып, бас жүлдені жеңіп алды. Ару қызымызды жеңісімен құттықтай отырып, облыстық байқауда да жарқырай көрінуіне тілектеспіз.

Қордай ауылшаруашылық колледж мұғалімдер мен кіші қызметкерлер арасында колледж медбикесі Р.И.Жайнабекованың ұйымдастыруымен Covid-19 ауруының алдын-алу мақсатында егілетін вакцинация туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді.Вакцина əр адамның өз еркімен салдыратыны жайында жəне алдын ала медициналық толық тексеруден өткен жағдайда дəрігердің рұқсатымен егілетіндігі, әр адамның денсаулығы өз қолында екендігі туралы айтты.4 нед.