Қордай ауылшаруашылық колледжінде Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратымен және Полиция бөлімімен бірлесіп, «Зорлық — зомбылық пен буллингтің, интернет қудалаудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы А.Почуева «Зорлық — зомбылық пен буллингтің, интернет қудалаудың алдын алу» бойынша жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмысын жүргізді, сұрақ қою арқылы білімгерлердің ойын білді. Колледж психологы М.Нуркеева, Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Ешмұрат, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің аға инспекторы Ж. Қосжанова баяндама жасады.

Колледж әдіскері Байгаскаева Индира Мураткызы «Жас оқытушылар мектебі» бойынша жас мамандармен «Сабақтың мақсаттарымен міндеттерін дұрыс қою» такырыбында семинар өткізді. Семинар соңында психолог Нуркеева М.Б. жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізді.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қордай ауылшаруашылық колледжінде студенттер арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Студенттер арасында ең үздік жазып Агроном 3 курс білімгері Қабылжан Диана Бақытжанқызы марапатталды.

Қазақ халқының өмірінде орны айрықша зор тұлға,ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай білімгерлердің бойына ұлтжандылық,адамгершілік қасиеттерді дарыту мақсатында Қордай ауылшаруашылық колледжінде Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ильясбеков Н., Таутенов М., Айдарбек Ж., Әбіке Б., ұйымдастыруымен білімгерлер арасында «Ұлттық ойындар «атты жарыстар өткізілді .

Алматы, Жамбыл облыстарының әкімі болған, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қазіргі таңда зейнеткер Үмбетов Серік Әбікенұлы, мектептен кейінгі өмір баспалдағын бастаған, бұрынғы Красногор совхоз техникумы, бүгінгі таңда Д.У.Кенжебеков басқарған Қордай ауылшаруашылық колледжі ұжымымен кездесті. С.Ә.Үмбетов осы оқу орнында 1968-1974 жылдар аралығында «Зоотехния»мамандығында білім алған. С.Ә.Үмбетов жаңа оқу жылында Қордай ауылшаруашылық колледжіне іс-сапармен келіп, студенттік өмірін еске алып, колледжге деген сағынышын білдірді

2022 жылы 8 қыркүйек күніҚазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы-дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық ашық диктанқа Қордай ауылшаруашылық колледжі оқытушылары қатысты.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата — аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Қордай ауылшаруашылық колледжінде дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтіп, 1қыркүйекке арналған «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында жалпы кураторлық сағат өткізілді.

https://youtube.com/shorts/ZQ9jfqzR0Ug?feature=share

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 7 қыркүйек Дүниежүзілік денсаулық күніне орай медбике және дене тәрбие пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен білімгерлер арасында » Шынықсаң шымыр боласың»атты спорттық эстафеталық жарыстар, флеш- моб өткізілді.